«IQanat» олимпиадасы 2020-2021оқу жылына өз жұмысын бастағанын хабарлайды.
Алматы облыстының білім басқармасы мемелкеттік мекемесінің 2020 жылдың 29 қазан 353-Н бұйрығына сәйкес, Республикалық «IQanat» айқанат олимпиадасы 2020-2021оқу жылына өз жұмысын бастағанын хабарлайды.
«IQanat» олимпиадасы жаңа форматта жалпы білім беретін пәндер бойынша (толық ақпарат олимпиада Ережесінде) үш кезеңде өткізіледі:
1 кезең-аудандық
2 кезең –облыстық
3 кезең-республикалық
«IQanat» олимпиадасына ауыл мектептерінің өтініш білдірген кез-келген 9сынып оқушылары қатыса алады,олимпиадаға тіркелу IQanat.кz сайтында 2020 жылдың 1 қыркүек 1 қазан аралығында жүргізіледі.
Олимпиаданың бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 1-20 қараша күндері аудан орталығында бекітілген кестеге сәйкес және екінші кезеңі 2021 жылдың сәуір айында өтеді деп жоспарлануда.
Осыған байланысты, ауданда 2020 жылдың 09 қарашасында Бірлік ауылы №35 орта мектеп базасында өтті. Аталған іс-шараға аудандағы 32 ауылдық мектептің 9 сынып оқушыларынан 131 оқушы іріктеліп қатыстырылды. Ұйымдастыру шаралары, өту кезеңі барлық санитарлық нормаларға сай өткізілді.
Іс-шара координаторы Дюсимбинов Алмас Жаһанұлы.